Бес облыста қасқыр атуға тыйым салынды
Астана, BAQ.KZ. Қазақстанның бес облысында қасқырлардың популяциясын сақтау мақсатында оларды аулауға тыйым салынды.
Бұл туралы ҚР АШМ орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет Facebook-тағы парақшасында мәлімдеді.
Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар облыстарында жыл соңына дейін осы аң түрін аулауға болмайды. Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, бұл аймақтарда қасқырлардың саны өте аз. Ақмола облысында бар-жоғы – 30, Павлодар облысында – 194 қасқыр қалған.
Бұл өңірлерде қасқырлар үй жануарларына шабуыл жасағанда, не болмаса елді мекендердің аумағында жүрген жағдайда аулауға болады. Қазақстанда барлығы 13 мың қасқыр қалған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Бүгін Астана мен Шымкентте ауа сапасы нашарлайды
Келесі жаңалық
Шымкентте жыл соңына дейін 9 мектеп құрылысы аяқталуы керек
Өзгелердің жаңалығы