Қаскелеңдегі мектепте оқушы қайтыс болды: Ресми дерек
Қаскелең қаласындағы Қаныш Сәтбаев атындағы №47 орта мектепте 9-сыныпта оқитын оқушы мектеп қабырғасында қайтыс болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Алматы облыстық білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, бірінші сабақтан кейінгі үзіліс кезінде 9 «Г» сыныбының оқушысының жағдайы кенеттен нашарлаған. Мектеп әкімшілігі дереу жедел медициналық жәрдем бригадасын шақырған.
Оқушының денсаулығының күрт нашарлағаны туралы әкесіне жедел хабарланды. Баланың анасы бөлек тұрады. Оқиға болған сәтте оқушының қасында әжесі болған, ол – осы мектептің география пәнінің мұғалімі, – деп хабарлады Алматы облыстық білім басқармасында.
Ал Шымкент қаласында әлеуметтік желілерде әртүрлі жастағы балалардың күйік шалғаны және көптеген дене жарақаттары бейнеленген видео тарағаннан кейін кәмелетке толмаған балалар отбасынан алынды. Балалар 29 жастағы анасынан 9 және 11 жастағы екі баланың мектепке бармай қойғаны анықталған соң алынды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Мәулен Әшімбаев сенаторлардың болашағы жайлы айтты
Өзгелердің жаңалығы