«Қасіретті қаңтар. Тәртіпсіздіктер» фильмінің тұсаукесері болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін «Хабар» телеарнасынан «Қасіретті қаңтар. Тәртіпсіздіктер» жаңа деректі фильмі көрерменге жол тартады. Жоба Қазақстандағы қаңтар оқиғасы туралы фильмдер циклінің үшінші бөлімі болып табылады.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін «Хабар» Агенттігі «Қасіретті қаңтар. Оқиға қалай өрбіді» және «Қасіретті қаңтар. Мародерлар» фильмдерін көрсетті. Бірінші бөлім қаңтар оқиғаларының толық хронологиясына негізделсе, екіншісі мародерлар туралы жаңа фактілерді көрермен назарына ұсынды.
Қасіретті қаңтар туралы деректі фильмдер топтамасының кезекті бөлімі оқиға куәгерлерінің эксклюзивті сұхбаттарына негізделген.
Біз жаппай тәртіпсіздік, сондай-ақ қару-жарақты ұрлау баптары бойынша күдікті болған және сотталған азаматтардан сұхбат алдық. Олар оқиғаларға көзқарастарын білдіріп, тәртіпсіздіктің өзіндік хронологиясымен бөлісті. Түсірілім барысында полицейлерге шабуыл жасаған, әкімдікті қиратқан, арматураны әкелген адамдардың пікірлерін тыңдадық, - деді жоба авторы Айгүл Әділова.
«Қасіретті қаңтар. Тәртіпсіздіктер» деректі фильмінің көрсетілімін бүгін, 3 наурыз күні, сағат 20:30-да «Хабар» телеарнасынан жіберіп алмаңыздар.