«Қасіретті қаңтар». ҚХА жағдайды қалпына келтіруге белсене атсалысып келеді – Әзілханов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық дөңгелек үстелінің отырысында ҚХА төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Президенттің бастамаларына қатысты пікірін білдірді.

Ол ең алдымен елдегі тәртіпсіздік кезінде қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтып, бір минуттық үнсіздік жариялады.

Қазіргі таңда Қазақстан халқы өз тарихының қиын күндерін бастан кешуде. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев мемлекетке жасалған экстремистік үндеулер мен террористік шабуылдарға қарсы нақты қарсылық беріп, осы күрделі кезеңдерде нағыз көшбасшының мінезін танытып, азаматтық ерлік пен борыш сезімінің үлгісін көрсетті, - деп атап өтті Марат Әзілханов.

Ол атап өткендей, антитеррористік кезең толық және сәтті аяқталуға жақын.

Осындай қиын-қыстау күндері Қазақстан халқының Ассамблеясы ел Президентінің жанынан табылып, халықпен бірге болды. «Қасіретті қаңтар» күндері Ассамблеяның барлық мүшелері іс жүзінде еліміздің бірлігі мен тұтастығына бейімділігін көрсетті, елімізде болған террористік акциялардың, бұзақылықпен тонаудың жолын кесуге бағытталған Мемлекет басшысының ең батыл шараларын қолдап, қалыпты өмірді қалпына келтіруге белсене атсалысып келеді, - деп айтты Әзілханов онлайн отырыста.

Ол барлығымызға татулық, бірлік, келісім, азаматтық бейбітшілік пен тұрақтылық деген сөздер күнделікті өміріміздің іргелі негізі мен басты құндылықтары екендігі айқындалғанын айтты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы