«Қасіретті қаңтар». Алматыда қанша адам қайтыс болды?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов хабарлады. Оның айтуынша, қаладағы тәртіпсіздік кезінде құрбан болғандар бар.
Алматыдағы тәртіпсіздік кезінде 149 адам қайтыс болды. Олардың басым көпшілігі – бұзақылар мен террористер, сонымен қатар олардың қолынан қаза тапқан бейбіт тұрғындар да бар. Ал қаза тапқан құқық қорғау органдары қызметкерлерінің саны – 11 адам, - деді Қанат Таймерденов.
Сонымен қатар ол террористердің негізгі бөлігінің қай күні жойылғанын айтты.
Террористердің негізгі бөлігі қаңтардың 5-нен 6-на қараған түні полиция бөлімшелері мен блокбекеттерге шабуыл жасау кезінде жойылды, - деп атап өтті Полиция департаментінің басшысы.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Ұлттық архивте ғылыми-тәжірибелік конференция өтті
Өзгелердің жаңалығы