Қашықтан оқыту кезінде мұғалімдер де онлайн жұмыс істей ала ма?
Ауа райының қолайсыздығына байланысты оқушылар қашықтан оқыту форматына ауыстырылған жағдайда педагогтер де мектепке келмей, қашықтан жұмыс істеуіне болады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Ауа райының қолайсыздығына байланысты оқушылар қашықтан оқыту форматына ауыстырылған жағдайда педагогтер де мектепке келмей, қашықтан жұмыс істеуіне болады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 28-бабына сәйкес, жұмыстың орындалатын орны еңбек шартында көрсетіледі (әдетте білім беру ұйымының атауы мен мекенжайы жазылады).
Сонымен қатар, Еңбек кодексінің 33-бабына сәйкес, еңбек шартына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге болады, олар қосымша келісім жасау арқылы жазбаша түрде рәсімделеді, - деп түсіндірді Білім кәсіподағы.
Яғни жұмыс беруші мен жұмыскердің өзара келісімі болған жағдайда, еңбек шартына жасалатын қосымша келісімде мынадай мазмұндағы тармақты енгізуге болады: қашықтан жұмыс істеу кезеңінде жұмыскердің жұмыстың орындалатын орны белгіленеді (үй мекенжайы көрсетіледі).
Қашықтан жұмыс істеу кезіндегі жұмыскердің жұмыс уақытын есепке алу мен бақылау ішкі еңбек тәртібі қағидаларымен айқындалады.
Қашықтан жұмыс істеу кезеңінде жұмыскер жұмыс берушінің қоңырауларына, электрондық хаттарына және сұраныстарына жауап беруге міндетті.
- Трамп Зеленскийден Ресейдің дизель инфрақұрылымына соққыны доғаруды сұрады 07:49
- Базалық банк лицензиясы: Депозиттерге қойылатын лимиттер туралы не білу керек? 07:30
- Астанада 1 млн теңге жүлде қоры бар Counter-Strike 2 турнирі өтіп жатыр 07:12
- ШҚО-да робот-иттер алғаш рет қоғамдық тәртіпті күзетуге шықты 06:35
- Франциядағы Монблан тауында тас құлап, чехиялық альпинист қаза тапты 05:18
- АҚШ Иран мұнайын өз бақылауында қалдыруы мүмкін – Трамп 04:27
- Зардап шеккендер бар: Астана – Петропавл тасжолында екі көлік соқтығысты 03:40