Сезімнен саналы шешімге дейін: Отбасын құруға көзқарас қалай өзгереді?
Тұрмысқа шығуға асықпау – саналы таңдау ма, әлде кейде жақын қарым-қатынас құрудан қорқудың белгісі ме? Болашақ серікке қойылатын талап пен адамның ішкі дайындығын қалай ажыратуға болады? BAQ.KZ сұқбат алаңында кейіпкеріміз Ұлданай Хадекешова және психолог Венера Елеумен отбасын құруға көзқарас, жеке таңдау және қоғамның не күтетіні туралы әңгімелестік.
Психолог Венера Елеу сұқбат барысында отбасын құруға асықпаған адамның шешімі айналасына түсініксіз көрінуі ықтимал екенін айтады. Бір жағдайда адам өзіне не керек екенін біледі және қазіргі таңдауына көңілі толады. Екінші жағдайда қарым-қатынасты қалағанымен, оған қадам жасау немесе оны жалғастыру қиынға соғады.
Сондай-ақ берік отбасы құруда адамның өткен тәжірибесіне, отбасында көрген қарым-қатынас үлгісіне назар аударылатынын жеткізді.
Сұқбатта болашақ серікке қойылатын талаппен қатар, адамның өзінің қарым-қатынасқа дайындығы да сөз болды. Некеге қандай психологиялық дайындықпен бару керек? Ішкі сезімді қай кезде түсіну маңызды?
Толығырақ сұқбатымыздан көре аласыздар.