Қашаған кен орны мұнай өндіре бастады

Каспий теңізіндегі «Болашақ» кешенінде жұмыс қайта жанданды. NCOC компаниясының хабарлауынша түнде теңіз және құрлықтағы нысанда өндіріс біртіндеп іске қосыла бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар 24 сілтеме жасап. 

Жұмыс кезінде газ жағылатыны күтіліп отыр. Газ жағу – «Қашаған» кен орнын игеру жобасындағыда стандартты процесс. Бұл шектелген уақыт аралығында үзілмелі режимде жүргізіледі. 

«Қашаған» кен орнында мұнай өндіру тоқтап тұрғанын хабабарланған болатын. Бұған өндіріс алаңындағы газ құбырының ақауы себеп болған. 

Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы «Қашаған» кен орнынан өндірілген мұнай, құбыр арқылы «Болашақ» кешенді қондырғысына жеткізіледі. Бұл қондырғыда мұнай құрамы газ бен күкірттен тазаланып, экспортқа тасымалдау үшін дайындалады. 

«Болашақ» кешенді қондырғысында «Қашаған» мұнайын өндіру 3 тамызда тоқтатылған еді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы