Қасенов: АЭС салу перспективалы шешім

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін орталық коммуникациялар алаңында «Қазақстанның атом энергетикасын дамыту» туралы конфереция өтіп жатыр.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» Жолдауында Үкіметке бір жылдың ішінде елімізде қауіпсіз әрі экологиялық таза атом энергетикасын дамыту мүмкіндігін зерттеуді тапсырған болатын.

Сала бойынша негізгі мәселелерді Атом энергетикасы және өнеркәсібі департаментінің директоры Жаслан Қасенов тоқталды.

Энергетика және экологиялық тұрғысынан атом электр станциясы  парниктік газдардың 0,1 шығындыларымен электр генерациясының тұрақты негізгі көзі болып табылады. Электр энергиясының тұтынудың өсуіне байланысты қолда бар қуат резервтерінің тез қысқаруын ескере отырып, генерацияның болмауы тұтынушылардың электр энергиясына қажеттілігін қанағаттандырмауы мүмкін, - деді Атом энергетикасы және өнеркәсібі департаментінің директоры Жаслан Қасенов.

Қасеновтің сөзінше,  жуырда Қазақстанның оңтүстік аймағында болған электр энергиясының тұрақсыздығы  бұл өңірде мәселенің бар екенін көрсеткен. 

Сондай-ақ ол бұл мәселелердің алдын алу  атом электр станциясын салу перспетивалы шешім болып табылатынын айтты.

Болжамды тапшылықты сондай-ақ электр энергиясын тұтынудың өсуін ескере отырып, Қазақстан электр энергиясын өндірудің проблемалық мәселелерін неғұрлым перспективалы шешіммен қамтамасыз ету мақсатында жаңа базалық қуаттарды енгізуді қажет етеді, - деді ол. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы