Қаржыны аса қажет емес шараларға жұмсауды доғару қажет – Президент

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты

Бюджеттің шығыс бөлігінен де кірісті арттыру көзін табуға болады. Қаржыны аса қажет емес шараларға жұмсауды доғару қажет. Әрбір жұмсалған теңге экономикалық кері әсер беруі керек. Ол сала мен ел деңгейінде де жүзеге асырылуы керек. Ол үшін нақты бағалау жүйесі болуы шарт. Бірақ Үкімет 2 жылдан астам уақыт бойы бұл жұмысты қажетті деңгейде ұйымдастыра алмай отыр. Осы күнге дейін методологиялық шаралар қабылданбады, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Президент осы орайда Қаржы министрлігі мен Стратегиялық жоспарлау агенттігіне Есеп комитетімен бірлесіп, қажетті методиканы 2 ай ішінде  әзірлеуді тапсырды. 

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы