Қаржылық қиындыққа тап болған азаматтарға қандай жеңілдік жасалады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 31 наурызда жасаған арнайы мәлімдемесінде еліміздегі төтенше жағдайды ескере келе екінші деңгейдегі банктерді халыққа түсіністік танытуға шақырды. Сонымен қатар, президент кәсіпкерлердің, жеке тұлғалардың банк төлемдерін кешіктіргені үшін пайыздарды есептеуін тоқтатуды ұсынды. Осыған орай отандық банктер мен микроқаржы ұйымдары президенттің үндеуіне құлақ асып, халыққа барынша қолдау көрсетуде.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы