Қаржылық қауіпсіздік жөніндегі семинарға мыңнан аса адам қатысты
"Заң және тәртіп" нарративі аясында Қаржылық мониторинг агенттігі Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен, Ішкі істер министрлігімен және "AMANAT" партиясымен бірлесіп, зейнеткерлерге арналған «Қаржылық алаяқтықтан қалай сақтануға болады?» атты семинар өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
"Заң және тәртіп" нарративі аясында Қаржылық мониторинг агенттігі Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен, Ішкі істер министрлігімен және "AMANAT" партиясымен бірлесіп, зейнеткерлерге арналған "Қаржылық алаяқтықтан қалай сақтануға болады?" атты семинар өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Іс-шараға мыңнан астам адам қатысты. Кеңінен ақпараттандыру мақсатында семинар YouTube платформасында тікелей эфирде көрсетілді.
Семинар барысында алаяқтық пен киберқауіптер, қаржы пирамидаларына қатысудың қатері және алданып қалмаудың жолдары сияқты маңызды тақырыптар талқыланды.
Агенттік жүргізген талдау нәтижесіне сәйкес, қаржылық алаяқтықтың құрбаны болу қаупі зейнеткерлер арасында аса жоғары. Осыған байланысты семинар соңында мемлекеттік органдар өкілдері зейнеткерлерге құқықтық кеңес беру үшін азаматтарды қабылдау ұйымдастырды.
Халықпен ашық диалог және ведомствоаралық өзара іс-қимыл форматы қаржылық қылмыстармен күресте тиімді құралға айналды.
Мемлекет басшысы құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқа отырысында алдын-алу шараларының маңыздылығына ерекше тоқталды:
Қылмыстың және заңға қайшы әрекеттердің салдарымен ғана күресуге болмайды. Қылмысқа түрткі болатын себептерді алдын ала анықтап, жойып отыру қажет, – деді Президент.
Өткізілген семинар – бұған дейін оқушылар, студенттер мен еңбек ұжымдарына арналған профилактикалық шаралардың жалғасы.
Алдағы уақытта осындай семинарларды ҚМА-ның аумақтық департаменттері елдің барлық өңірлерінде өткізетін болады.
- Вице-Президент Ерлан Қарин шетелдік діни көшбасшылардың өкілдерімен кездесті 20:15
- Жер салығы дұрыс есептелмеген: Атырауда 6,5 мың адамның құқығы қорғалды 20:11
- Қасым-Жомарт Тоқаев Қылмыстық істер бойынша Еуропа конвенциясын ратификациялау туралы заңға қол қойды 20:01
- 100-ге жуық тұрғын «Жасыл аула» акциясына қатысты 19:45
- Сабақтағы төбелес: Ақтауда оқушы ауруханаға түсті 19:32
- Мұнай бағасы жылдық өсімін 50%-дан асырды 19:06
- Talan Towers-тен құлаған материал екі көлікті зақымдады: Шығынды кім өтейді? 18:48