Қаржы жүйесінде жағдай тұрақты – Әбілқасымова

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова үкімет отырысында қаржы жүйесіндегі жағдай тұрақты екенін айтты.

Президенттің тапсырмасына сәйкес, Қазақстанның қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету бағытында нақты шаралар қолға алынды. Қазіргі уақытта Қазақстанның қаржы жүйесіндегі жағдай тұрақты. Шоғырландырылған негізде екінші деңгейлі банктердің үздіксіз қызметін қамтамасыз ету және банктік қызметтердің толық тізбесін көрсету үшін меншікті капиталы мен өтімділігінің едәуір қоры бар. Банктердің салымшылары үшін тәуекелдер жоқ. Активтер сапасын тәуелсіз бағалау нәтижелері бойынша реттеушілік минимумға қатысты К1 капиталының жеткіліктілігінің асып кетуі түзетулерді ескергенде 70 пайызды құрайды. Агенттік банктердің тауар және қаржы нарықтарында әлеуметтік күйзелістерге орнықтылығын анықтау үшін жүйелі деңгейде жұмыс жүргізуде, - дейді Мәдина Әбілқасымова.

Оның айтуынша, биылғы жылдың 30 наурызына дейін активтердің сапасын тәуелсіз бағалау нәтижелері бойынша банктерді түзету іс-қимыл жоспарлары қабылданады. 

Бұл ретте өзгерген экономикалық жағдайларды ескере отырып, 2020 жылдың 1 қазанына дейін провизияларды есептеу тәсілдерін күшейтетін бірқатар реттеу шарасын енгізу кейінге қалдырылады, - деді агенттік басшысы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы