Қаржы вице-министрі тайындалды

ҚР Үкіметінің қаулысымен Әсет Нұрланұлы Тұрысов бұрынғы қызметінен босатылып, қаржы вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

1987 жылы туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Нархоз университетін бітірген.

Еңбек жолын 2009 жылы «Қазақтелеком» АҚ-да бастаған.

2010-2011 жылдары – «Қазақтелеком» АҚ-да электрлік байланыс инженері.

2011-2012 жылдары – ҚР Байланыс және ақпарат министрлігі «Электрондық үкіметті» дамыту және қорғау басқармасы сарапшысының м.а.

2012-2014 жылдары – ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Ақпараттандырудың жаңа моделін қалыптастыру және жобалық құжаттаманы талдау басқармасының сарапшысы, бас сарапшысы.

2014 жылы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК басқарушы директоры

2014-2017 жылдары «Қазпошта» АҚ құрылымында қызмет етті.

2018-2021 жылдары – «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы

2021 жылғы қаңтардан бастап қазіргі уақытқа дейін – ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы