Қаржы министрлігі «Самұрық-Қазынаның» сатып алу тәртібін қарауда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында, Қаржы министрлігі «Самұрық-Қазына» қоры әзірлеген, сатып алудың жаңа тәртібін қарады, деп хабарлады Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі.
Тәртіпті қарау нәтижесі бойынша ашықтықты күшейту, біліктілікалды және тендерлік құжаттамалардың нысандарын белгілеу және талаптарын ашу, тәртіпті мемлекеттік сатып алу тәсілдерімен және рәсімдерімен үйлестіруге тиісті ұсыныстар мен ескертулер берілді.
Сатып алудың барлық рәсімдерінің сипаттамасы тәртіпте көрсетіліп, өзге құжаттарға сілтемесіз және сатып алуға қатысушыларға қолжетімді болуы тиіс. Сонымен қатар, біліктілік комиссиясының өтінімдерді қарау кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға, бір көзден сатып алуды қысқартуға, холдингтің ішінде өткізілетін, яғни Қордың еншілес ұйымдарынан сатып алуларды жоюға ұсыныс берілді, - делінген ақпаратта.
Бүгінгі таңда «Самұрық-Қазына» Қаржы министрлігімен бірлесіп осы ескертулерді жою бойынша жұмыс жүргізуде, оның нәтижелері бойынша сатып алу тәртібі келісілетін болады.