Қаржы министрі: Зейнет жасын қысқарту қаралып жатқан жоқ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет кулуарында Премьер-министрінің орынбасары-Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев осылай деп мәлімдеді.

Әзірге қаралып жатқан жоқ. Мен Тамара Қасымованың не айтқанын білмеймін, бірақ әлі талқыланған жоқ, - деді Ерұлан Жамаубаев.

Сондай-ақ Премьер-министрінің орынбасары зейнет жасын қысқарту мәселесіне қатысты өзінің ойы қандай екенін айтты.

Егер мәселе қаралатын болса, өз ойымды айтамын. Қазір пікір айта алмаймын. Бәрімізге ортақ заң бар. Оның бәрін есептеу қажет, - деді ол журналистер сауалына.

Ерұлан Жамаубаев  жыл сайын республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 2,2 трлн теңге бөлінетінін атап өтті. 

Еңбек министрлігінде көптеген жақсы бағдарламалар бар, соның ішінде «Күміс жасын» атауға болады. Бұл бағдарламаларға белгілі бір қаражат бөлінеді. Әзірге біз қолданыстағы заңға сүйенеміз, - деді ведомства басшысы. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы