Қаржы министрі мембюджетті игермеген үш министрлікті атады
Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары - Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мемлекеттік бюджетті игермеген министрліктерді атады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Жамаубаев мемлекеттік бюджеттің шығыстары 99,3%-ке, республикалық бюджеттің шығыстары – 99,6%-ке, жергілікті бюджеттердің шығыстары 99,5%-ке орындалғанын атап өтті.
Республикалық бюджет бойынша сомасы 16 трлн теңгеге шығыстар жүргізілді. Атқарылмау 70 млрд теңгені құраса, оның ішінде үнемдеу – 16 млрд теңге. Игерілмегені – 54 млрд теңге. Игерілмеудің неғұрлым ірі сомалары экология және табиғи ресурстар, туризм және спорт, ішкі істер және төтенше жағдайлар министрліктерінде қалыптасты, – деді министр.
Министр неге игерілмегенін былай түсіндірді.
Конкурстық рәсімдерді ұзақ мерзімде өткізу, шарттарды, қосымша келісімдерді жасасу рәсімдерін ұзақ жүргізу, шот-фактуралар мен атқарылған жұмыс актілерін уақытылы ұсынбау және басқалар, – деді Жамаубаев.