Қаржы министрі: Бір айда бюджетке 1 трлн теңге түсті

Қаржы министрі Мәди Тәкиев Үкімет отырысында бюджет қаржысы қалай игеріліп жатқаны жайлы баяндап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның сөзінше, биыл қаңтарда мемлекеттік бюджетке шамамен 1 трлн теңге түсіп, жоспар 111,5% орындалды.

Республикалық бюджетке кіріс 521 млрд теңге түсті. Яғни бұл жоспардың 78,4% орындалғанын көрсетеді. Кіріс бойынша жоспар 143 млрд теңгеге орындалмады, оның ішінде салықтар бойынша – 151 млрд теңгеге, - деп айтты жаңа министр.

Тәкиевтің айтуына қарағанда, экономика үздіксіз өссе де, негізгі экспорттық тауарларға бағаның төмендеуүрдісі сақталып отыр. Мысалы, биыл қаңтар айында металдың бағасы орта есеппен 10,3%-ке төмендеген.

Министр өз сөзінде бірінші тоқсанның соңына дейін қосылған құн салығын қайтару қағидаларына тиісті өзгерістер енгізілетінін атап өтті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы