Қарызға батқан ҚТЖ жекенің қолына өтуі мүмкін бе? - депутат пікірі

Мәжіліс депутат Ерлан Саиров неге "Қазақстан темір жолы" қарызға белшесінен батып отырғанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

ҚТЖ мемлекеттің стратегиялық ресурстарының бірі. Сондықтан мұндай ірі кәсіпорындарды жеке меншікке немесе жеке монополияға беруге болмайды. Ол әрқашан мемлекеттің қолында болуға тиіс. Бірақ ҚТЖ жұмысының қоғамға ашықтығын қамтамасыз етуіміз керек. Біріншіден, қоғамдық бақылау қою керек, кейін тариф саясатын өзгерту қажет деп есептеймін, - деді Саиров.

Депутат Қазақстан Теміржолының неге қарызға батып отырғанын түсіндірді.

30 жылдың ішінде көптеген ірі олигархиялық алпауыттар ҚТЖ-ға тариф төлемеген. Мәселен, "Еуразиялық Топ" ЖШС 30 жылда ҚТЖ-ға тарифтің ең төмен сатысын төлеп отырған. Әрине, олар ҚТЖ-ның арқасында байып кеткен. Міне, осындай мәселелерді мемлекет қолына алып, кешенді түрде шешуге тиіс. Ең алдымен, оның ашықтығы мен қоғамдық бақылауды қалыптастыру керек, - деді мәжілісмен.

Кеше мәжіліс отырысында не айтылды? 

Ерлан Сайыров ҚТЖ жағдайы Әлихан Смайылов үкімет басқарып тұрғанда ушығып кеткенін айтты.

Әлихан Асханұлы, сіз ҚТЖ-ның қаржылық жағдайы мүшкіл екенін айттыңыз. Шыны керек, ол жағдай сіз Премьер-министр болып тұрған кезде ушығып кеткен болатын. Сондықтан сізге сыпайы сұрақ қояйын. Сол кезде неге осы мәселемен айналыспадыңыздар? Екінші сұрағым, неге ҚТЖ-ға қатысты деректер құпия деректерге жатқызылған? ҚТЖ-ға қашан қоғамдық бақылау тетігін енгіземіз? Сіздер жауып қойған қазанның ішінде жемқорлықтың көкесі жатқан жоқ па? – деді депутат.

Жоғары аудиторлық палатасының төрағасы Әлихан Смайылов мәжілістегі мәлімдемесінде ҚТЖ-ның жағдайы қиын екенін, дефолтқа ұшырауы мүкін екенін мәлімдеді.

"Самұрық-Қазына" акционерлік қоғамының қазіргі корпоративтік басқару әдістері мен даму стратегиясы еліміздің Ұлттық теміржол компаниясының дағдарысын болдырмауға қабілетсіз. Активтердің жай-күйінің нашарлауы,борыштардың өсуі және оларды уақытылы қайтарумүмкіндігінің болмауы басқарудағы түбегейлі өзгерістерсіз ҚТЖ-ны дефолтқа ұшыратады, – деді Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы