Қарулы күштерде жазғы оқу кезеңіне дайындық басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дайындық кезеңі оқу-материалдық базаны жаңарту, инфрақұрылымға қызмет көрсету және полигондарды жарылыс қаупі бар заттардан тазарту шараларын қамтиды, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта Қарулы күштерде ел Президенті – Жоғарғы Бас қолбасшы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан армиясының жауынгерлік қабілетін түбегейлі арттыру жөніндегі тапсырмалары іске асырылуда.

Мамыр айының соңына дейін созылатын дайындық кезеңінде қару-жарақ пен әскери техниканы дайындау, оқу-материалдық базаға қызмет көрсету және оны дамыту шаралар кешені өткізілетін болады.

Арнайы құрылған комиссиялар жазғы оқу кезеңіне дайындықты бақылауды жүзеге асыратын болады.

Жауынгерлік даярлық процесінде Қарулы күштердегі әскери қызметшілердің қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтау шараларын зерделеу бойынша теориялық және практикалық сабақтарын өткізу жоспарланған. Осы уақытта қысқы оқу кезеңіндегі жауынгерлік даярлық іс-шаралары барысында алынған тәжірибені ескере отырып, жаңа оқу жылына басқару органдарын, құрамалар мен әскери бөлімдерді даярлау шараларын жоспарлауға ерекше назар аударылатын болады.

Дайындық кезеңі аяқталған соң Қазақстан Қарулы күштері құрамалары мен әскери бөлімдерінің әзірлігі қаралады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы