Қарулы күштерде парашют спортынан ел чемпионаты өтті

Классикалық парашют спорты мен топтық акробатикадан өткен еліміз бен Қарулы күштердің XXX ашық чемпионатының қорытындысы шығарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Қорғаныс министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Оған 12 ерлер командасы қатысты. Жарыста барлығы 51 спортшы, оның ішінде 7 әйел өнер көрсетті.
Классикалық парашют спортынан Қазақстан чемпионатында қону дәлдігіне топтық секірулер жасаған майор Вячеслав Лопарев, аға сержант Аслан Тасимов және кіші сержант Денис Исламовтан құралған парашют даярлау орталығының командасы жеңімпаз атанды.

Екінші орында – Парашют даярлау орталығының намысын қорғаған кіші сержант Ерназар Жақсылық, кіші сержант Сәлім Бейбітұлы және ефрейтор Мирас Сейтжапаровтардан құралған «Байрақтар» командасы. Үшінші орынды құрамында Ринат Сұлтанов, Сергей Жолдин және Антон Шарафутдинов бар Қарағанды облысының Қазақстан авиациялық спорт федерациясы иеленді.

Ел чемпионатындағы қону дәлдігіне жеке секірулерде Сергей Жолдин – алтын, Сәлім Бейбітұлы – күміс, Вячеслав Лопарев – қола медальмен марапатталды.

Қону дәлдігіне топтық секірулерде құрамы Ринат Сұлтанов, Сергей Жолдин, Антон Шарафутдиновтан тұратын Қарағанды облысының Қазақстан авиациялық спорт федерациясының командасы Қарулы күштердің чемпионы атанды.

Екінші орында құрамында Александр Сабада, Илья Китин және Дмитрий Гербут бар Орал қаласының командасы тұр. Кіші сержант Ерназар Жақсылық, кіші сержант Сәлім Бейбітұлы және ефрейтор Мирас Сейітжапаровдан құралған «Байрақтар» командасы үшінші орынға көтерілді.

Қоссайыста ұпай саны бойынша Қарулы күштердің абсолютті чемпионы атағын Сергей Жолдин жеңіп алды. Денис Исламов – күміс, Вячеслав Лопарев – қола жүлдегер атанды.

Чемпионат қорытындысы бойынша командалар кубоктармен, медальдармен, грамоталармен және дипломдармен марапатталды. Айта кету керек, чемпионаттар жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өтті. Жарыс барысында спортшылар 460 секіру жасады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы