Қару-жарақтың толық арсеналын сақтаған батысқазақстандық тергелуде
Орал қаласының тұрғынынан Калашников автоматы, тапаншалар мен олардың патрондары табылып, тәркіленді. Қазір күдіктінің қару-жарақты қайдан алғаны, қандай мақсатта жинағаны жөнінде тергеу жүргізілуде, деп хабарлайды Батыс Қазақстан облысындағы BAQ.KZ тілшісі.
БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, БҚО ПД Экстремизмге қарсы күрес басқармасы қызметкерлері БҚО ПД жедел әрекет етудің арнайы жасағының қолдауымен “Учаске” жедел алдын алу іс-шарасы аясында анықтаған.
БҚО Полиция департаментінің күдіктілерді анықтау бойынша жедел жұмыстарының нәтижесінде, Орал қаласының іргесіндегі Волна саяжай қоғамында тұратын 1970 жылғы Г. есімді тұрғынның тұрғылықты жерін тексеру барысында АК-47 автоматы, 5 патроны бар АК-47 тапаншасы, 7/62 калибрлі АК-47 тапаншасы, 1944 жылғы Наган оқпаны жоқ револьвер, револьвер сериясы жоқ, 9/19 калибрлі ПМ тапанша, 7, 62х39мм калибрлі 198 патрон, 5, 45х79мм калибрлі 20 патрон, 9х18мм калибрлі 6 патрон, сондай-ақ кісендер табылып, тәркіленді.
Қарудың барлық түрлері бойынша баллистикалық сараптама тағайындалды. Ұсталған азаматқа қатысты ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, - дейді БҚО полиция департаменті баспасөз қызметі.