Қару ұрлау. 98 адам уақытша ұстау абақтысына қамалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты. 

Терроризмге қарсы операцияны жүргізу барысында ұрланған қарудың 515 бірлігі табылып, тәркіленді. Оның ішінде 75-автомат, 133-пистолет, 2-пулемет; 47-ойық, 103-тегіс ұңғылы қару, 100–ден астам граната, 9 мың данадан астам оқ-дәрі.Қаруды ұрлағаны үшін 98 адам ұсталып, уақытша ұстау абақтысына қамалды және олардың заңсыз сақтағаны үшін 61 адам ұсталды, - деді Санжар Әділов. 

Ол атап өткендей, бүгінгі таңда 31 қару ерікті түрде тапсырылған.

Арнайы жедел-тергеу топтары құрылды және жұмыс жасап жатыр, кәсіби көмек көрсету үшін ІІМ Орталық аппаратынан тәжірибелі қызметкерлер жіберілді. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, азаматтарды тағы да тыныштыққа және толық, жан-жақты және объективті тергеп-тексеруге бағытталған тергеу рәсімдеріне түсіністікпен қарауға шақырамын, - деді ол. 

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы