"Қару болған жоқ". Вице-министр ауған кәсіпкерлерінің көрмесі туралы айтты
Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин Алматыда өткен ауған тауарларының көрмесіне қатысты ойын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Ашығын айтсақ, онда ешқандай қару болған жоқ. Көрменің бұл бөлімі "Антиквариат" деп аталды. Ауғандар – қолөнердің хас шеберлері. Олардың металмен не істейтінін көрулеріңіз керек. Сіздер көрген шығарсыздар, мен арматурадан жасалған үлкен балғаны көтердім. Қолдарынан бәрі келеді.
Олар керемет заттар жасайды, бәрі жаңа. Олар дулыға, мушкет (мылтық) алып келді. Оның басым бөлігі – кәдесыйлар, - деді Жұманғарин.
Вице-премьердің сөзінше, көрмеде ешқандай қару-жарақ болмаған.
Адамдар сатып алып, мейрамханаға іліп қойса болады. Мұнда қару-жарақ жеткізу туралы сөз болмады. Олардың алып келген (заттары) көрмеге ерекшелік берді. Іс-шараны дұрыс ұйымдастыру керек. Мысалы, сіз көрмеге бардыңыз деп елестетейік. Онда тек кілемдер бар. Сіз неге қарайсыз? Бәрі қайталана береді. Ал Алматыдағы көрмеде асыл тастар мен зергерлік бұйымдар, құрылыс материалдары болды. Олар бәрін рет-ретімен қойған, - деді Серік Жұманғарин.