+11

Қарттар үйіндегі қариялар зейнетақы алып жүр ме

Мәжіліс депутаты Аманжол Алтай қарттар үйіндегі қариялардың жай-күйін айтып, Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаевқа сауал жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Депутат қарттар үйін паналауға мәжбүр болған қариялардың дәрі - дәрмегі, шипажайларда емделуі, тағы басқа материялдық қажеттілігі үшін, өмірдегі ең қымбатты ата - анасын керексіз қылған көкек балаларының табысынан ұстап отыруды ұсынды.​​

Қарттар үйіндегі тұрғындардың зейнетақыларының 70%-ы мемлекеттің қажеттіліктеріне жұмсалады, ал оларға тек 30%-ы ғана қалады. Бұл жағдай дәрі-дәрмек сатып алу, медициналық қызметтерді пайдалану, ең қажетті заттарды алу мәселелерін қиындатады, - дейді Әлтай.

Ол қарттарға қатыгездік көрсететіндер де барын жасырмады.

Жақында Павлодар облысының Ақсу қаласындағы пансионатта қарт адамдарға қатысты адам төзгісіз жағдайлар тіркелді. Кейбір қарттарды ұрып-соғып, қолдарын бұрап, тіпті қыста киімсіз далаға шығарып тастаған. Бұл оқиға қоғамда үлкен резонанс туғызды. Қарттар үйіндегі қызметкерлердің біліксіздігі, моральдық-этикалық қағидаларды сақтамауы және бақылаудың жеткіліксіздігі осындай оқиғалардың жиілеуіне себеп болып отыр, - деді депутат.

Бүгінгі таңда елімізде арнайы әлеуметтік қызмет көрсету бойынша 45 мемлекеттік орталық (қарттар үйлері) жұмыс істейді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы