Қарталы көшесінің бір бөлігі жөндеу жұмысына байланысты жабылды

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Қарталы көшесінің Н.Тілендиев даңғылынан Ақан сері көшесіне дейінгі аралықта жол төсемінің орташа жөндеу жұмыстарын жүргізілетінін мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Осыған байланысты 2-3 маусым аралығында жоғарыда аталған учаске толығымен жабылды.

Астана тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс болдырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Елорда әкімдігі
Өзгелердің жаңалығы