Қарқаралының "Бәйтерегі" жаңартылады
Қарқаралы қаласында "Бәйтерек" мемориалдық кешенінің сыртқы келбеті жаңартылып, жаңа алаң, скейт-парк салынды, тротуар жолдарын абаттандыру жалғасуда, деп хабарлайды BAQ.KZ Қарағанды облысының әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қалада жалпы архитектуралық келбетті қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
"Бәйтерек" мемориалдық кешені 2004 жылы орнатылған. Биылғы жылы барлық бояулар жаңартылды, қоршаудың периметрі бойынша орындықтар жабдықталды, сондай-ақ қазақ халқының көрнекті қайраткерлері бейнеленген стендтер мен лайтбокстар ауыстырылды.
Барельефтер қалпына келтірілді, біз олардың алғашқы көрінісін сақтауға тырыстық. Жаңарумен қатар, өмірі мен еңбектері Қарқаралы ауданымен байланысты көрнекті тұлғалардың тізімін кеңейту туралы шешім қабылданды. Біз мемориалды "Алаш" қозғалысының өкілі Мұстақым Малдыбайдың, қоғам қайраткері Хасен Ақаевтың, публицист Имам Әлімбековтің және академик және ғалым Бақия Атшабаровтың бейнелерімен толықтырдық, – деп атап өтті қала әкімінің орынбасары Нариман Есов.
Жалпы ауданы 500 шаршы метр болатын жаңа алаң Орталық аудандық аурухана ғимаратының жанындағы бос жерде пайда болды.
Аумақ қоршалды, субұрқақ, орындықтар, қоқыс жәшіктері, шамдар орнатылды.
Сонымен қатар қарлығаштарды қолынан ұшырып тұрған қыздың мүсіні жаңартылды. Көп жыл бойы қала тұрғындары үшін бұл бейбіт аспанның символын білдіреді.
Осы жазда үш көпқабатты үйдің қасбеттері де жаңартылды.
Қарқаралы қаласының бес көшесінде жалпы ұзындығы 3,4 км-ге жуық тротуар жолдарын жабдықтау жұмыстары жалғасуда.
Сонымен қатар қалада балаларға арналған 400 шаршы метрде орналасқан скейт-парк салынды.