4 Қазан 2026, 23:55
Фото: BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов
Қарқаралы тауларында адасқан екі адам құтқарылды
Оларға медициналық көмек қажет болмаған.
Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында ТЖМ құтқарушылары тауда адасып қалған екі адамды тапты.
1973 және 1978 жылы туған азаматтар Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағындағы Бассейн көліне қарай жолға шығып, бағытынан адасып қалған.
Құтқарушылар берілген координаттар мен байланыс ақпараты арқылы оларды қысқа уақытта тауып, қауіпсіз жерге жеткізді. Медициналық көмек қажет болмаған.