Қарқаралы ауданында жас шабандоздар жарысқа қатысты
Қарқаралы ауданының Қоянды және Ақшоқы ауылдарының он үш жас тұрғыны жарысқа қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ Қарағанды облысы әкімдігіне сілтеме жасап.
Жарысқа Қоянды ауылының жалпы білім беретін мектебінің түлектері қолдау көрсетті.
Түлектеріміз бұл жарыстарды жастарымыздың ұлттық спорт түрлеріне деген қызығушылығын арттыру үшін ұйымдастырды. Қазіргі заманғы балалар көптеген қолжетімді ойын-сауықтардың, технологиялардың арқасында дәстүрден алшақтап кетті. Біз бұлай болғанын қаламаймыз. Өткен жарыстар қатысушыларға да, қонақтарға да ұнады. Менің ойымша, жасөспірімдердің ат жарысымен айналысуға деген ықыласы арта түседі, – дейді Қоянды ауылының спорт нұсқаушысы Нұрлыбек Қалиев.
Жарыс қорытындысы бойынша Шыңғыс Рымхан мен оның Көгершін атты жабағысы бірінші орынға ие болды. Шыңғыс дипломмен және ақшалай сыйлықпен марапатталды.
Екінші орынды Ернар Қуанышбек пен оны Мустанг атты жабағысы иеленді. Ернарға қолдан жасалған қамшы сыйға тартылды.
Үздік үштікті Айдос Исмаил мен Тайбурыл тұйықтады. Үшінші орын үшін Айдосқа жылқы сулығы табыс етілді.
Қалған қатысушыларға грамоталар табыс етілді.
Келесі жарыс ақпан айының ортасына жоспарланған.