Қарқаралы ауданы әкімдігінде жедел желі іске қосылды

Қарқаралы ауданы әкімдігі аймақта орын алған өрт бойынша тек ресми ақпаратқа сенуге шақырды, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Ол үшін аудан әкімдігінде жедел желі телефоны жұмыс істейді.

 (8-72146) 31-3-66 нөмірі арқылы қазіргі жағдайға қатысты кез-келген сұраққа жауап алуға болады.

Бұған дейін аудан әкімі Әділжан Арғынов әлеуметтік желі арқылы тұрғындарға үндеу жасап, өрт бойынша ақпарат берген болатын. 

Еске салсақ, кеше екі өңірде өрт шыққан болатын.  ТЖМ таратқан деректерге сәйкес Қарағанды және Павлодар облыстарының шекара аумағындағы өрттің жалпы ауданы 45 мың гектарға жеткен еді.

Бүгін белгілі болғандай Қарағанды облысы мен Қарқаралы ауданындағы өрт 1300 гектар жерді шарпыған. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы