25 Тамыз 2024 2024, 13:12

Qarmet металлургиялық зауытында екі жұмысшы қаза тапты

Теміртауда Qarmet металлургиялық комбинатында екі қызметкер қаза тапты. Қызметкерлер жапырақ илемдеу цехында бөлшектеу жұмыстары кезінде биіктіктен құлаған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Теміртауда Qarmet металлургиялық комбинатында екі қызметкер қаза тапты. Қызметкерлер биіктіктен құлаған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сағат 9:20 шамасында химиялық ұстау блогы ғимаратының шатырын бөлшектеу жұмыстарын орындау кезінде биіктіктікте техника қауіпсіздігі ережелерін сақтамау нәтижесінде" Қазмеханомонтаж" ЖШС мердігерлік ұйымының екі қызметкері биіктіктен құлап қайтыс болды, — деп хабарлады "Qarmet"АҚ баспасөз қызметі. 

2005 жылы туған Д. Иманғалиев пен 1986 жылы туған Ю. Самойлов зардап шекті. Алынған жарақаттардан екі қызметкер де қайтыс болды.

Оқиғаның себептері мен мән-жайларын тексеру үшін арнайы комиссия құрылды.