«Қарлы патруль»: Қарағанды облысында еріктілер жалғызбасты қарттарға көмектесіп жатыр

Қарағанды облысында қаңтардың алғашқы күндерінде қар көп жауды. Жастар жалғызбасты қарт адамдарға көмектесу үшін «Қарлы патруль» акциясын ұйымдастырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Еріктілер аулалардағы қарды тазалайды. Акцияға барлық ниет білдірушілер қосыла алады.

Сонымен қатар, еріктілер облыс орталығында қар тазалаумен айналысатын коммуналдық қызмет қызметкерлеріне қолдау көрсетуді қолға алды. Олар жұмыскерлерге ыстық шай таратты.

Көмекке мұқтаж адамдарға арналған байланыс телефоны: (8-7212) 400-871.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы