Қарлы боранда қалған шопандар құтқарылды

ТЖМ құтқарушылары Алматы облысында қарлы боранда қалған шопандарды құтқарды, деп хабарлады BAQ.KZ.

Алматы облысының Жамбыл ауданында бір отар қойды баққан екі шопанның жоғалғаны туралы хабар келіп түсті. Болжамды геолокациядан өзге ақпарат жоқ, себебі жоғалған адамдармен байланыс болған жоқ. Республикалық жедел-құтқару жасағының 10 адамнан тұратын жедел құтқару тобы, оның ішінде 1 кинологиялық есеп өтімдігі жоғары үш автотехникамен ер адамдарды іздеуге шықты. Базадан іздеу орнына дейінгі арақашықтық 138 км құрайды, - деп көрсетті ТЖМ баспасөз қызметі.

Құтқарушылар шопандарды Жартас ауылы ауданында даладан іздеуге кірісті. Іздеу операциясы жүргізілген кезде далада қатты жел, боран, аяз болды.

Құқарушылар шопандарды Жартас ауылы маңында даладан тапты. Адамдар қатты аязға қарамастан үсіп қалмаған, зардап шеккен жоқ. Шопандар далада бағытын жоғалтып, адасып кеткен екен.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы