Қарин жақында өтетін құрылтайдың маңыздылығын атады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин жақында өтетін құрылтайдың маңыздылығын атады. Бұл туралы Telegram арнасында жазды.

Алғашқы Ұлттық құрылтай отырысы 16 маусымда жаңадан құрылған Ұлытау облысында өтетінін естеріңізге сала кетейік. 

Бұл консультативтік-кеңесші органның құрамына Парламент депутаттары, Қазақстан халқы Ассамблеясының, азаматтық қоғам мен саяси партиялардың өкілдері, кәсіпкерлер мен көрнекті сарапшылар, сондай-ақ өңірлік қоғамдық кеңестердің мүшелері кіреді. Ұлттық құрылтайдың ең маңызды міндеттерінің бірі – қоғамның бірігуін одан әрі дамыту үшін идеялар мен қадамдар әзірлеу, - деп айтты ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы