Қарин: реформа мақсаты - саяси үлгіні өзгерту

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Мемлекеттік хатышысы Ерлан Қарин ел басқарудың жаңа моделі Екінші Республикаға қалай көшетінімізді айтты.

Өздеріңіз білетіндей, Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жобасы Конституциялық Кеңестің қарауында тұр. Түзетулер Негізгі Заңның 33 бабына, яғни іс жүзінде Конституцияның үштен бір бөлігіне қатысты болмақ. Бұл жоспарланған реформаның ауқымы мен іргелі сипатын көрсетіп отыр. Қарапайым адамға мұндай көп түзетулер өте қиын болып көрінуі мүмкін. Сондай-ақ, бұл түзетулердің барлығы бір-бірімен өзара байланысты және ортақ тұжырымдамалық логикаға бағынған. Сондықтан жеке тармақтарды талқылағанда,  ортақ ойды ұмытпау керек, -деді Ерлан Қарин.

Мемлекеттік хатшының айтуынша, конституциялық реформаның басты мақсаты қазіргі саяси үлгіні жүйелі түрде түрлендіру:

1. Бiрқатар өкiлеттiктер қайта бөлiнедi: Президенттен Парламентке дейiн де, орталық билiктен өңiрлiкке де.
2. Суперпрезиденттік модельден президенттік республикаға түпкілікті көшу аяқталады. Классикалық үлгі құрылуда, онда президент ешбір ерекше өкілеттіктер мен артықшылықтарға ие емес, тең қашықтықтағы саяси институт.
3. Парламент палаталарының рөлі мен мәртебесі күшейтілетін болады: Мәжілісті қалыптастырудың аралас моделін енгізу, Парламенттің бақылау функцияларын кеңейту, заң шығару рәсімдерін оңтайландыру.
4. Елді басқаруға халықтың қатысуы кеңейеді: бір мандатты округтер бойынша Мәжіліс депутаттарын сайлау, депутаттық мандаттарды кері қайтарып алу тетігін енгізу, облыс әкімдерін балама негізде тағайындау. 
5. Азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау тетіктері күшейтіледі: Конституциялық Сот құрылады, Адам құқықтары жөніндегі уәкілге конституциялық кепілдіктер мен иммунитеттер беріледі, конституциялық деңгейде өлім жазасына тыйым салынады.

Осылайша, реформалар арқасында билік тармақтары арасындағы қарым-қатынастың жаңа, анағұрлым оңтайлы тепе-теңдігі мен мемлекет пен қоғам арасындағы тиімді диалог құрылады. Осының барлығы басқарудың жаңа моделі – Екінші Республикаға көшуге негіз болады, -деді ҚР Мемлекеттік хатышысы. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы