Қарин: Бейбіт жиналыстар туралы заң жобасы – нәтижелі диалогтың нақты мысалы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың кеңесшісі Ерлан Қарин өзінің Facebook-тегі парақшасында митинг туралы заңға қатысты пікірін білдірді.
Бүгін Сенатта "Бейбіт жиндарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заң жобасының екінші оқылымы өтті (отырысты Сенат сайтының және Youtube парақшасындағы тікелей эфир арқылы бақылауға мүмкіндік болды. Бірінші оқылым сәуірдің 30-ы өтті. Естеріңізге сала кетейін, бұл митингілер туралы мүлдем жаңа заң, ол 1995 жылы қабылданған қазір қолданыстағы заңның орнына қабылдануда, - деді ол.
Ерлан Қарин аталмыш заң жобасының өзектілігін айтып өтті.
Заң жобасының басты жаңалығы – митингілерді өткізу үшін енді рұқсат етуден хабарландыру қағидатына көшу. Жаңа заң қабылдау қажеттілігі туралы Мемлекет басшысы 2019 жылдың желтоқсанында Ұлттық кеңестің екінші отырысында мәлімдеді. Бұл президенттік пакеттегі саяси реформалардың маңызды бастамаларының бірі. Заң жобасы түрлі қоғамдық алаңдарда кеңінен талқыланды, Мәжіліс қабырғасында да жан-жақты талқылаудан өтті. Осы талқылаулардың нәтижесінде жеке нормалар түзетіліп, жаңа нормалар енгізілді. Сондықтан осы заң жобасы бойынша талқылаулардың өзі ашық және нәтижелі диалогтың нақты мысалы, - деді Президент кеңесшісі.
Ол заңға 16 түрлі жаңа түзету енгізіліп, заң жобасы Мәжіліске жіберілгенін айтты.
Сондай-ақ, бүгін Сенаттың бас комитеті бейбіт жиналыстар туралы заң жобасына жаңа өзгертулер мен толықтыруларды енгізуді қарастыруды талқыға салды. Атап айтқанда, сенаторлар енгізген түзетулер елордада, республикалық маңызы бар және облыс орталықтары болып есептелетiн қалалар мен олардың құрамына кiретiн аудандарда митингілер мен жиналыстарды өткізуге арналған арнайы орындар мiндеттi түрде орталықта орналасуы және олардың саны әр ауданда үшеуден кем болмауы тиiс деген норманы белгілейді. Сондай-ақ, сенаторлар жекелеген қатысушылар заң талаптарын бұзған жағдайда, егер заңның бұзылуы жойылған жағдайда бейбiт жиналыстар жалғаса береді деген ұсыныс енгізді. Жалпы алғанда, Сенат 16 түрлі жаңа түзетулер енгізіп және соларды ескере отырып, заң жобасы Мәжіліске жіберілді, - деп түйіндеді Ерлан Қарин.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Саясаттанушы: Митинг туралы заң қоғамда ашық талқыланды
Келесі жаңалық
Өндірісті локализациялау келешегі талқыланды
Өзгелердің жаңалығы