Қарин Мемлекет басшысы қол қойған заңдарды түсіндірді

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Мемлекет басшысының жария түрде қол қойған заңдардың қалай қабылданғанын түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бүгін Мемлекет басшысы 16 наурызда ел халқына арналған Жолдауында айтылған саяси бастамаларын жүзеге асыруға бағытталған алты заңға қол қойды. Өздеріңізге мәлім, Қасым-Жомарт Тоқаев  Президент болып сайланғалы бері саяси қайта құруларды кезең-кезеңімен дәйекті түрде жүзеге асырып келеді. Осы жылдар ішінде саяси реформалардың төрт пакеті іске асырылып, оның аясында саяси процестің бәсекелестігі мен транспаренттілігін арттыруға бағытталған 13 заң қабылданды, – деді Ерлан Қарин.

Мемлекеттік кеңесшінің айтуынша, саяси реформалардың тағы бір пакетін Мемлекет басшысы наурыз айындағы Жолдауында ұсынды оны маусымдағы конституциялық референдум арқылы жүзеге асырды.

Конституциялық реформа – қолданыстағы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді талап еткені анық. Үкімет конституциялық өзгерістерді көрсететін тиісті заң жобаларын әзірлеп, қыркүйекте Парламенттің қарауына жіберілді. Бұл заңдар алдымен Мәжілісте мұқият және жан-жақты қаралып, мақұлданды, содан кейін Сенатқа жіберілді. Бүгінгі таңда Президент аталған заңдарға қол қойды. Алты заңның қабылдануы Президенттің өкілеттіктерін биліктің басқа институттарына қайта бөлуге, биліктің өкілді тармағын қайта форматтауға, сайлау жүйесін жетілдіруге, құқық қорғау институттарын нығайтуға, сондай-ақ мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртуға әкелмек. Осылайша, Мемлекет басшысы бастамашылық еткен ауқымды саяси жаңғыру бағдарламасы түпкілікті құқықтық ресімдеуді алды, – деді Мемлекеттік кеңесші.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы