Қарин: Билік пен наразылық білдірушілер арасындағы диалог жағдайдың шиеленісуіне жол бермеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл пікірді ҚР Мемлекеттiк хатшысы Ерлан Қарин «Хабар 24» арнасына берген сұхбатында айтты. 

Оның айтуынша, төтенше жағдай кезінде болған жиындар және басқа да сенімді ақпараттық ағындар ел азаматтарына жағдайдың қалай өрбіп жатқаны туралы түсінік қалыптастырған. 

Бір сөзбен айтқанда белгілі бір бағыттарда жұмыс жүргізілді. Бұл орайда әр салада аз-кем нәтижеге қол жеткіздік. Мен ылғи тиімді ақпараттық саясаттың ең алдымен нақты жұмыстың нәтижесіне негізделу керек екенін айтамын. Не туралы айтылу қажет екенін нақты білген жағдайда ақпараттық саясат тиімді жүреді. Мемлекеттік органдар қолында бар деректерге сүйенеді. Ондай жағдайда олар БАҚ өкілдерімен  ашық түрде байланысқа шығады. Мұндай жол жалғаса береді, -деді Ерлан Қарин.

Сондай-ақ Ерлан Қарин наразылық білдірушілермен қоғам белсенділері ашық диалогқа шығуына қатысты ой бөлісті. 

Менің әріптесім әрі маңғыстаулық белсенді Уайз Ерсайынұлы және депутаттар сондай-ақ Еділ Жаңбыршинмен бірге наразылық білдірушілермен ашық диалогқа шықты. Қаңтар айының басында болған оқиға кезінде Маңғыстау өңірінде өткен ашық диалог арқасында наразылықтың шиеленісу3не жол берілмеді. Бұл билік пен азаматтар арасындағы коммуникацияның тиімділігін көрсетеді, -деді ҚР Мемлекеттiк хатшысы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы