5 Қараша 2025 2025, 11:12
Фото: Жасанды интеллект
Қардың салдары: Алматының бірнеше ауданында жарық өшті
Алматыда ауа райының қолайсыздығынан кейін бірқатар аудандарда электр жарығы сөнді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Алматыда ауа райының қолайсыздығынан кейін бірқатар ауданда электр жарығы сөнді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
“Алатау Жарық Компаниясы” АҚ-ның жарық өшіру картасындағы деректерге сәйкес, электр қуаты мына көшелерде уақытша тоқтатылған:
• Бостандық ауданы: сағат 06:40-та Тәуке хан, Жаңару, Ладушкин, Байқоңыр көшелерінің маңында, сондай-ақ Ерменсай, Бағанашыл және Асқартау шағынаудандарында жарық өшті.
• Әуезов ауданы: сағат 07:10-да Бауыржан Момышұлы көшесінен бастап “Арыстан” базарына дейінгі үйлер жарықсыз қалды.
• Алмалы ауданы: сағат 08:00-де Абай даңғылы маңында электр қуаты өшірілді.
• Наурызбай ауданы: сағат 09:20 және 09:30-да Жандосов, Алексей Хегай, Дәулеткерей, Айтматов және Қонаев көшелерінің бойындағы тұрғындар жарықсыз қалды.
Сонымен қатар қаланың басқа да кейбір бөліктерінде жарықтың өшуі бойынша жекелеген жағдайлар тіркелді.