Қарда жүретін көлік бір топ адамды қағып кетті

Ақтөбеде демалыс базасының бірінің аумағында қарда жүретін көлік бір топ адамды қағып кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ  Polisia.kz сілтеме жасап.

Ағымдағы жылдың 28 қаңтарында сағат 15:30-да демалыс базасының аумағында 2007 жылы туылған кәмелетке толмаған азамат қарда жүретін Lynx автокөлігін жүргізіп келе жатып, жабдықталған қар сырғымасының жанында тұрған бір топ адамды қағып кетті, - делінген хабарламада.

Оқиға салдарынан 40 жастағы әйел қайтыс болды, 49 жастағы ер адам мен бес кәмелетке толмаған бала, оның ішінде бір жасар бала медициналық мекемеге жатқызылды. 

Аталған факті бойынша Ақтөбе облысы полиция департаменті тексеру жүргізіп жатыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Polisia.kz
Өзгелердің жаңалығы