«Қарауылкелді-Оймауыт» автожолында қозғалыс қалпына келтірілді

Байғанин ауданында «Қарауылкелді–Оймауыт» автожолында көлік құралдарының қозғалысы қалпына келтірілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Естеріңізге сала кетейік, су шаю автожолдың 67-шақырымында болды. 

Бұл ауа температурасының +7 градусқа дейін күрт көтерілуіне және 6-7 наурыз аралығында жауын-шашын мөлшерінің көп түсуіне байланысты. 

Ақтөбе облысы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, 11 наурызда барлық қалпына келтіру жұмыстары аяқталды, автожолдағы қозғалыс қайта жанданды. Жақын маңдағы елдімекендерді су басу қаупі жоқ.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: kt.kz
Өзгелердің жаңалығы