Қаратомар, Желқуар, Амангелді су қоймалары 99%-ға толған
Бұл туралы Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифинг барысында Қостанай облысы ТЖД бастығының орынбасары Асылбек Садуов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қостанай қаласы бойынша Тобыл өзенінің көтерілуінен құтқару жұмыстары әлі жалғасып жатыр.
Қостанай облысы бойынша қауіп сейілген жоқ. 6 елді мекенге төтенше жағдай жарияланды. Арқалық, Амангелді жақты жергілікті атқарушы органдар залалды бағалау зерттеу комиссиясы жұмыс істеп жатыр. Қостанай қаласы бойынша Тобыл өзенінің көтерілуі себебінен құтқару жұмыстары әлі жалғасып жатыр.7 саяжай орындарының адамдарын құтқару жұмыстары жүргізілді. 1 тәулікте 2285 адам, оның ішінде 84 бала құтқарылды. Жалпы саны 8800-ден астам адам, оның ішінде 1700-ден аса бала құтқарылды. Уақытша орналастыру пунктеріне 464 адам, оның ішінде 123 бала орналастырылды.
Оның айтуынша, Тобыл өзені әлі де бақылауда.
Қаратомар, Желқуар, Амангелді қоймаларынан әлі су келіп жатыр. Қоймалар 99%-ға толған. Жеке құрам бойынша адам саны жеткілікті. Төтенше жағдай министрі Шыңғыс Арынов мырза Қостанай қаласында жүр. Қостанай қаласы жайлы айтатын болсақ, 2 көпірде жергілікті атқарушы органдар, ТЖМ, жан-жақтан келген әскери көмектер жұмыс істеп жатыр. 35 мың қапшықпен көпірдің маңайын жабу жұмыстары атқарылуда. Қостанай облысы бойынша жағдай тұрақты,-деді спикер.