Қаратауда натрий пиросульфитін шығаратын зауыт құрылысы жүріп жатыр – Жамбыл облысы

Қаратау қаласында натрий пиросульфитін шығаратын зауыт салынып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оның құрылысына түркиялық инвесторлар жауапты. Құны 2,8 миллиард теңге болатын жоба жылына 25 мың тонна өнім шығарады. Кәсіпорын тауарлары негізінен алтын өндіру бағытында жұмыс істейтін компанияларға сатылады. Олар пиросульфитті цианидті залалсыздандыру шараларында пайдаланады. Химия зауыты биыл салынып, келер жылдың бірінші тоқсанында іске қосылады. 30 жұмыс орны ашылады. Жалпы Талас ауданында 2022-2025 жылдар аралығында 50 миллиард теңге болатын 8 жоба жүзеге асырылады.

Біз тек қана жер бөлу ғана емес, облыс деңгейінде қазір республикалық деңгейде осы инфрақұрылымға 3 зауытқа мемлекет тарапынан бюджеттен биылғының өзінде 1 миллмардтай теңге бөлінді. Яғни свет жүргізуге техникалық су және газға. Құдай қаласа, екінші кезеңі болады. Оған да 2 миллиардтың үстінде келешекте республикалық бюджеттен бөлінеді деген ойдамыз, - деді Талас аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы Ауданбек Тауасаров.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы