Тоқаев «Қаратал-АГРО» сервистік дайындау орталығына барды

Алматы облысы, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы көктемгі егіс жұмыстарының барысымен танысып, ауыл шаруашылығы техникаларын аралап көрді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Президентіне облыстағы агроөнеркәсіп кешенінің негізгі көрсеткіштері, мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығы жөнінде баяндалды.

Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің жұмысын жоғары бағалап, оларға табыс және жаңа жетістіктер тіледі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы