Қарашөкеев: Білім саласындағы мәселелер жеке бақылауымда болады

Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев ардагер ұстаздармен, Тараз қаласы мен облыстың аудандарындағы бірқатар мектеп басшыларымен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кездесуге өңірімізге белгілі ардагер ұстаз, білім беру ісінің құрметті қызметкерлері Айша Ниязбекова мен Александр Гибнер, Тараз қаласындағы Төле би атындағы №8 гимназиясының директоры Әлішер Әзімбай, Ә.Бөкейханов атындағы №1 гимназиясының директоры Жәмила Төребекова, Меркі ауданындағы И.Трубицын атындағы №17 мектеп-гимназиясының директоры Асипа Қалқабаева, Байзақ ауданы, Ғ.Мұратбаев атындағы гимназиясының директоры Арыстанбек Қайпұлдаев қатысты.

Басқосу барысында білім сапасын арттыру, мектеп, гимназиялардың материалдық-техникалық базасын жақсарту, цифрландыру және мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрлерін автоматтандыру қажеттілігі, балалар тамағының сапасын жақсарту, кадр саясаты мәселелері талқыланды.

Аймақ басшысы көтерілген мәселелердің барлығы жеке бақылауында болатындығын ескертті.

Балалар – ел болашағы. Оларға қамқорлық танытып, сапалы білім алуына барлық жағдай жасау – біздің міндетіміз, - деді Ербол Қарашөкеев жиында.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Жамбыл облысы әкімдігі
Өзгелердің жаңалығы