Қарашадан кейін Парламент таратылуы мүмкін – заңгер
Мұны «Қазақстан заңгерлері одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Серік Ақылбай болжады деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Менің ойымша, қарашадан кейін Парламент тарқатылып, жаңа заң бойынша сайлаулар өтеді. Мәслихаттарда, Мәжілісте мажоритарлы түрде тікелей сайланған депутаттарымыз болады. Ал төменгі мәслихаттарда депутаттар 100 пайыз жаңадан сайланады. Халық өзі сайлайды. Халықтың алдында жауап береді. Яғни халық нағыз Қазақстанның күшін, заңын сезіне бастайды, - деді ол.
Сонымен қатар, заңгер халықтың құқықтық сауаттын арттырудың маңызын айтты.
Қазақстан «Жаңа Қазақстан» болу үшін, әр қазақстандық өзін жаңа қазақстандық сезіну үшін ең бірінші өзінің құқығын білу керек және конституциялық міндетін білу керек. Яғни заңға бағыну керегін. Оны білмей, жаңа, әділетті Қазақстанның, заң үстемдігінің орнауы қиын болады, - деді Серік Ақылбай.
Қазақстан заңгерлері одағы төрағасы аталған бағытта заңгерлер одағына кіретін Республикалық заң консультанттары алқасы қарқынды жұмыс істеп жатқанын атады.
Айта кету керек, спикер «Желмаяға» берген сұхбатында заңгерлер одағының қызметіне және одақ құрамына тағы қандай одақтар кіретініне де тоқталды.