Қарашада жұмысшылар үй сатып алуға мүмкіндік алады
3 қарашада “Наурыз жұмыскер” бағдарламасына өтініш беру басталады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бағдарлама аясында 2025 жылы 50 млрд теңге көлемінде 2 000 несие беру жоспарланып отыр.
Өтінімдер банк бөлімшелерінде қабылданады.
Өтінішті қалай беру керек?
- Банк филиалына жүгіну
- Жұмыс орнынан анықтама ұсыну (үлгісі hcsbk.kz сайтында жарияланған)
Кім қатыса алады?
Бағдарлама келесі салалардағы жұмысшы мамандық иелерін қолдайды:
- өнеркәсіп және құрылыс
- энергетика
- көлік
- ауыл шаруашылығы
- су ресурстары және ирригация
Ескерту: офис қызметкерлері (PR-менеджерлер, бухгалтерлер және т.б.) бағдарламаға қатыса алмайды.
Бағдарлама шарттары қандай?
- Отбасы банкіне депозит ашу (егер әлі ашылмаған болса)
- Депозитті 2 млн теңгеге дейін толықтыру (өтінім берер алдында толық соманы енгізуге болады)
- Соңғы 5 жыл ішінде өзіңізде және отбасы мүшелеріңізде тұрғын үйдің жоқтығын тексеруден өту
- Соңғы 6 айдағы ресми табысты растау
Отбасы мүшелері – жұбайы/зайыбы және кәмелетке толмаған балалары. Егер үміткер некеде тұрмаса, тек өзі тексеріледі.
Несиелеу шарттары:
- Астана және Алматы – 36 млн теңгеге дейін
- Облыс орталықтары – 30 млн теңгеге дейін
- Тұрғын үй Baspana Market порталы арқылы бекітілген бағамен сатып алынады
- Ауылдық аймақтар мен моноқалаларда екінші нарықтан тұрғын үй сатып алу мүмкіндігі бар.
Бастапқы жарна:
- Таза әрленген бастапқы тұрғын үй үшін - 10%-дан бастап
- Әрленбеген бастапқы немесе қайталама тұрғын үй үшін - 20%-дан бастап
Несие мөлшерлемесі:
- 7% (СЖТМ 7,1–9,6%) – әлеуметтік осал топтардағы азаматтар үшін, тұрғын үй кезегінде тұрғандарға
- 9% (СЖТМ 9,4–13%) – барлық басқа үміткерлер үшін
Несие мерзімі: 19 жылға дейін
Қандай пәтерлерді сатып алуға болады?
- Бірінші нарықтағы тұрғын үй – Астана, Алматы және облыс орталықтарында
- Бірінші және екінші нарықтағы тұрғын үй – моноқалалар мен ауылдық елді мекендерде.