Қараша айында қазақстандықтар неше күн демалады?

Қараша айында Қазақстанда ресми мерекелік күндер жоқ. Демалыс тек сенбі мен жексенбіге түседі. Жұмыс кестесінде өзгеріс болмайды, ал бес күндік және алты күндік жұмыс аптасы бар азаматтардың демалыс күндері белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бес күндік жұмыс аптасында еңбек ететін азаматтар 10 күн демалып, 20 күн жұмыс істейді. Ал алты күндік жұмыс аптасындағы қызметкерлер үшін демалыс тек жексенбіге түсіп, 5 демалыс, 25 жұмыс күні болады.

Еңбек күнтізбесінде қысқартылған жұмыс күні де қарастырылмаған. Сарапшылар демалысты жоспарлауда айдың басы мен соңындағы демалыстарды тиімді пайдалануға кеңес береді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы