Қараша айында ЭЕБ-да 91 мыңға жуық бос жұмыс орны орналастырылды
Биылғы жылдың қараша айында Электрондық еңбек биржасында 91,2 мың бос жұмыс орны және 49,9 мың түйіндеме орналастырылды, деп хабарайды BAQ.KZ.
Өткен аймен салыстырғанда еңбек нарығы жұмыс берушілердің де (-16,4%), сондай-ақ ізденушілердің де (-16,5%) белсенділігінің төмендеуімен ерекшеленді.
ЭЕБ-да ең көп бос жұмыс орындарын мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру (17,2 мың), өзге де қызмет түрлері (7,3 мың), құрылыс (6 мың) және ауыл шаруашылығы (4,3 мың бос жұмыс орны) секторларының кәсіпорындары орналастырды.
Әр түрлі жұмыс істейтіндер және жәрдемші жұмысшылар мен көгалдандыру жұмысшылары сияқты біліктілігі жоқ жұмысшылардан басқа, білікті күзетшілерге, тәрбиешілер мен жүргізушілерге ең үлкен сұраныс байқалды. Ішінара сұраныс пен ұсыныс сәйкес келді. Атап айтқанда, білікті жұмысшылардың ішінде автокөлік жүргізушілері, бухгалтерлер, заңгерлер мен тәрбиешілер жұмыс іздеді, – деді «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ (бұдан әрі – ЕРДО) басқарушы директоры Александра Молчановская.
Сонымен қатар, қараша айында білікті заңгерлер, қаржыгерлер және орта мектеп мұғалімдері, сондай-ақ біліктілігі жоқ жұмысшылар, мысалы, вахтерлер еңбек нарығында артық болды.
Өз кезегінде біліктілігі жоқ құрылысшыларының, сондай-ақ білікті күзетшілердің, тәрбиешілер мен кассирлердің тапшылығы байқалды. Бұл ретте өңірлік бөліністе ең көп күзетшілер Ақтөбе (458 бос орын және 29 түйіндеме), Павлодар (213 бос орын және 44 түйіндеме) облыстарында, тәрбиешілер Астанада (221 бос орын және 35 түйіндеме) және Қарағанды облысында (160 бос орын және 13 түйіндеме), ал кассирлер Алматыда (396 бос орын және 14 түйіндеме) және Атырау облысында (264 бос жұмыс орны және 26 түйіндеме) жетіспеді, – деді Александра Молчановская.
Біліктілігі жоқ және орташа біліктілігі бар қызметкерлерге жиынтық сұраныс тең дәрежеде 20% - ға қысқарды. Бұл негізінен жұмысы маусымдық сипатта болатын жұмысшыларға әсер етті.
Өңірлер бөлінісінде бос жұмыс орындарын орналастыру тұрғысынан диспропорция сақталды. Қараша айының қорытындысы бойынша орналастырылған бос орындар бойынша көшбасшы үштігіне Астана, Алматы қалалары мен Қарағанды облысы кірді, онда барлық бос жұмыс орындарының 31,2% орналастырылды. Өткен аймен салыстырғанда бірқатар өңірлерде еңбек нарығындағы сұраныстың қысқаруы екі есеге жуық мәнге жетті. Бұл Батыс Қазақстан облысында (-54%-дан 4 мыңға дейін), Шымкент қаласында (-48% - дан 2,4 мыңға дейін) және Қызылорда облысында (-48% - дан 2,3 мыңға дейін) байқалды. Өсім жеті өңірде орын алды, олардың ішінде ең жоғары көрсеткіштер Ұлытау облысында (+53% - дан 1,1 мыңға дейін), Алматы қаласында (+15% - дан 10,1 мыңға дейін) және Абай облысында (+12-ден 1,3 мыңға дейін).
Түйіндеме санына келетін болсақ, қазан айымен салыстырғанда оң сальдо тек төрт өңірде, атап айтқанда Алматы қаласында (+17% 3,8 мың түйіндемеге жетті), Павлодар облысында (+10% 1,9 мың түйіндемеге жетті), Шымкент (+9% 3,1 мың түйіндемеге жетті) және Астана (+0,3% 4,6 мың түйіндемеге жетті). Барлық басқа өңірлерде өтініш берушілердің белсенділігінің төмендеуі байқалды. Сонымен қатар Астана және Алматы қалалары, сондай-ақ Қарағанды және Павлодар облыстары кадрлар тапшылығы сезілген өңірлердің қатарында, түйіндемелердің жалпы саны бос жұмыс орындарының жартысына жуығындай болды.
«Жалпы, барлық жұмыс іздеушілердің үштен бірі – жастар, ал әрбір төртінші жұмыс іздеушінің жасы – 35-44 жас аралығындағы азаматтар. Ең аз жұмыс іздеушілер (9%) зейнет жасына жақындағандар. Гендерлік тұрғыдан жұмыс іздеген әйелдер мен ерлер саны шамамен бірдей. Алайда, әйелдер арасында айтарлықтай бөлігі жоғары білікті мамандарға (36%) қатысты, ал ерлер арасында олардың үлесі екі есеге жуық (19%) болды», – деп атап өтті ЕРДО сарапшысы.
Барлық жұмыс іздеушілердің жартысынан астамы (53%) қала тұрғындары, олардың үштен бірі (34%) жоғары білікті мамандар. Ауылдағы жоғары білікті жұмыс іздеушілердің көрсеткіші 19%-ды құрады.
Сонымен қатар ауыл тұрғындарының жартысына жуығы біліктілігі жоқ адамдар, ал қалаларда олардың үлесі тек 27%. Жалақы көлеміне сұраныс тұрғысынан да айырмашылық бар, мысалы, ауылдық жерлерде жоғары білікті мамандарының сұранысы 200 мың теңге болса, қалалық жердегі мамандар керісінше 287 мың теңгеге дейін талап етеді, – деді Александра Молчановская.
Биылғы жылдың қараша айында ЭЕБ-да капитанның вахталық көмекшілеріне ең жоғары ақы қалыптасып отыр, яғни жұмыс берушілер оларға айына орта есеппен 800 мың теңгеден жоғары жалақы ұсынды. Мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына – 739 мың теңгеден, бағдарламалық қамтамасыз ету архитекторына - айына 700 мың теңгеден сәл аз ұсынылды. Сонымен қатар ізденушілер арасында ең жоғары жалақыны топ-менеджерлер (айына орта есеппен 1,8 млн теңгеден бастап), геолог-инженерлер (шамамен 1,5 млн теңге), сондай-ақ флоттағы штурмандар (шамамен 1,3 млн теңге) күтеді.
Қорытындылай келе, өткен айлармен салыстырғанда қараша айында еңбек белсенділігінің маусымдық құлдырауы байқалады, ал еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың сипаты өткен жылғы ұқсас кезеңдегі трендтерді шағын құрылымдық өзгерістермен айна түрінде көрсетті. Бұл ретте еңбек белсенділігі тұрғысынан жекелеген кәсіп түрлері қызметкерлерінің тапшылығы мен артық болуымен қатар жүретін өңірлік диспропорция сақталды, – деп қорытындылады Александра Молчановская.