Қарасайда ер адам итті көлікпен сүйреп, өлімші еткен

Енді 28 жастағы ер адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазір адамға ғана емес, жануарларға да қатыгіздік көрсететіндер көбейген. Алматы облысы Қарасай аудандық Полиция бөлімі әлеуметтік желілерді мониторингілеу барысында ер адамның итті көлікке байлап, сүйреп бара жатқан жантүршігерлік фактісін анықтады.

Жедел-іздестіру іс-шаралар барысында Қарасай ауданы ПБ қызметкерлері 28 жастағы ер адамды анықтап, полицияға жеткізді. Қазіргі уақытта ұсталған азаматқа қатысты жануарларға қатыгездік жасау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы